29 тамыз күні Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

✅Жиынға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Достанбаева С.К., Әулиекөл ауданы әкімдігінің аппарат жетекшісі Кубеков А.Б, және мектепке дейінгі білім мекемелері, негізгі және орта және білім беру ұйымдарының директорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, ауданның ұстаздары қатысты.
✅Кеңес аясында 2022-2023 оқу жылының жұмысы қорытындыланып, ауданның білім беру жүйесінің жетістіктері мен ұстаздар қауымын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды және жаңа оқу жылының даму векторлары атап өтілді.
✅Дәстүр бойынша шараның екінші бөлімі ауданның үздік ұстаздарын марапаттау рәсіміне арналды.