Аталған олимпиада алғаш рет 2023 жылдың қараша айында ҚР Білім министрі Г.Б.Бейсембаевтың тапсырмасы бойынша басталды. Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.