2023 жылғы 19-20 желтоқсан аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

 Олимпиадаға 23 аудан мектептерінен 118 оқушы қатысып, 35 оқушы І,ІІ,ІІІ орындарғы ие болды. Сондай-ақ,  22 желтоқсан күні  ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (іріктеу) кезеңіне 98 оқушы қатысты. Олимпиаданың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) республикалық кезеңге қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары  және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары. Олимпиада жүлдегерлерін, жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта сәттілік тілейміз!