«Қарызсыз Қоғам» Республикалық жобасы

Әулиекөл ауылында бастауыш мектеп базасында «Қарызсыз Қоғам» республикалық жобасы аясында тұрғындарды оқытудың кезекті кезеңі аяқталды. Жобаның қатысушылары Әулиекөл ауданы мектептерінің білім беру қызметкерлері болды, олар бес күн ішінде өз қаржысын тиімді басқару дағдыларын және өз шығындарын оңтайландыру бойынша білім алды. Сондай-ақ олар қаржылық проблемалардың қалай қалыптасатынын, ағымдағы несиелік қарыздардың санын қалай азайтуға, алаяқтық әрекеттерді тануға болатынын білді, ал ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есептілігін ұсыну және бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын шарттар мен тетіктер туралы ақпарат алды.

Курс аяқталғаннан кейін 58 сертификат табысталды.

Қаржы сарапшысы Р. Шәріптің айтуынша, бұл бағдарлама ауылдық жерлерге көбірек бағытталған. Қаржы мамандарының дәрістерінен басқа, оқу процесіне қатысушыларға заңгерлердің көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша практикалық кеңестер береді. Аудан орталығы бойынша барлығы 350-ге жуық адамды оқыту жоспарлануда.