Кездесуге аудан мектептерінің медицина мамандығына оқуға түсемін деп жоспарлап отырған оқушылар қатысты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Темірхан Серікболұлы Бегісбаевтың аудиториямен тығыз байланыста, әлемдік медицина тарихындағы көпшілікке беймәлім фактілер туралы өткізген әңгімесін оқушылар зор ықыласпен және үлкен қызығушылықпен қабылдады. Инсульт бөлімінің медбикесі Сырлыбаева Мадина Салимкызы және инфекциялық бөлімнің медбикесі Борамбаева Айнара Ерденовна оқушыларға мамандығы туралы, осы мамандықты таңдауына қандай себептер, жағдайлар болғаны туралы айтып берді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың осы асыл мамандықты дұрыс таңдадым деген сенімін нығайта түсетіні анық.