Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Тоғыз жылдан астам уақытқа созылған соғыс дәл осы күні аяқталды. Осыған орай Әулиекөл өңіріндегі барлық білім беру ұйымдарында еске алу шаралары өтті.

Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, елінің өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 2024 жылдың 14 ақпанында С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ «Ауғанстан – біздің жадымыз бен қасіретіміз» атты ерлік сабағы өтті, оған соғыс ардагерлері Ғ.Ә. Ерішов, Ж. Б. Жарбосов, Н. Б. Ушаков қатысты.
Ерлікің сабағы өскелең ұрпаққа әскери тарихтың ең қасіретті беттерінің бірінің тарихын қозғауға мүмкіндік берді. Оқушылар Ауған соғысының себептерін, жерлес ауған жауынгерлері туралы, елге оралмағандар туралы әңгімелерді қызыға тыңдады.