Баланың құқықтары туралы

«Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабына сәйкес бала отбасында өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өз пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік талқылауы барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған баланың пікірін ескеру, бұл оның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады.
Баланың пікірі баланың орналасқан жері бойынша ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен қабылданған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.
«Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру» мемлекеттік қызметін алу үшін жеке тұлғалар «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) көрсетілетін қызметті алушыны куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);
2) егер некеде тұрған жағдайда, болмаған жұбайының (зайыбының) атынан нотариалды куәландырылған келісім;
3) егер некеде тұрса, неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қараудың және шешім қабылдаудың не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Толық ақпарат алу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарына 25-1-20 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Қамқоршылық және қорғаншылық
органының бас маманы : Койшина Дана Жуматаевна