Білім беру саласынын дамуы

 

  Ауданда 40 білім беру нысаны жұмыс істейді, оның ішінде мектеп – 31 (18 орта, 7 негізгі, 5 бастауыш, 1 кешкі мектеп) оқушылар контингентімен – 5105, 7 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 2 мектептен тыс мекеме.

Білім беру саласының 2022 жылға арналған бюджеті 6703,0 млн. теңгені құрайды . Жалпы білім беру қорын қаржыландыруға бөлінген сома – 65,2 млн.теңге .

Ағымдағы жылдың 1 маусымына 10 ( Үшқарасу НОМ,  Аққұдық НОМ,  Лаврентьевск НОМ,  Калинин НОМ,  Федосеевка НОМ,  Қазанбасы ЖББМ № 1, Чернигов ЖББМ, Чернышев ЖББМ,  Москалев ЖББМ , Әулиекөл кешкі мектебі) мектеп желінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейді.

Әулиекөл бастауыш мектебінде 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.

Ауданның білім беру мекемелерінде 841 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 734 (88,2%), орта кәсіптік білімді – 17 (11,8%). Жоғары санатты – 41 (5%), 1 санатты – 82 (10%), 2 санатты -48 (6%). Аттестаттаудың жаңа форматы бойынша: 175 (21%) педагог – зерттеуші, 144 (17%) педагог – сарапшы, 164 (20%) педагог – модератор.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 3 жастан 6 жасқа дейін 90,5%, 1 жастан 6 жасқа дейін 75,6% құрайды. 0 жастан 6 жасқа дейінгі кезектілік-469 бала.

Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаны іске асыруға қаражат екі жылдық кезеңге 488 млн.теңге сомасында көзделген (2021 жылы – 393,7 млн. теңге, 2022 жылы – 94 млн. теңге)

Аманқарағай ауылындағы № 2 ЖББМ ғимаратын 145 орындық балабақша етіп қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірленді. 12 сәуірде мемлекеттік сараптама алынды, жобаның құны 624,4 млн.теңге. 2023 жылға арналған облыс бюджетінде10 млн.теңге қарастырылған.

2022 жылғы 18 наурызда Құсмұрын кентінде құны 1,8 млрд. теңге болатын мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы бойынша жобаның сараптамасы алынды.

2022 жылғы 17 ақпанда » Сосновка орта мектебінің кіреберіс тобы мен санитарлық торабына ағымдағы жөндеу жүргізуге 1,4 млн. теңге сомасында «Смайылов Ә. Б.» ЖК шарт жасалды.

Көктал орта мектебіне құны 10,9 млн.теңге болатын химия кабинетін және Сұлукөл орта мектебіне 7,8 млн. теңгеге физика кабинетін орнатуға шарттар жасалды.

18,9 млн.теңгеге мектеп жиһазы, 10,3 млн. теңгеге спорттық құрал – жабдықтар сатып алынды.

Ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу және осы объектілерді «Ауыл- Ел бесігі» жобаларының тізбесіне енгізу мақсатында Новонежин және Диев ОМ ғимараттарына 1,3 млн. теңгеге техникалық тексеру жүргізілді. Диев ОМ және И.Сьянов атындағы ЖББМ құны 8,8 млн.теңге болатын 2 су жылыту қазандығы сатып алынды.

Көктал ЖББМ, Әулиекөл БМ, Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББМ,Н.Островский атындағы және №2Аманқарағай ЖББМ 3 млн.теңгеге бес турникет орнатылды.

Лаврентьев НОМ, Лесной БШ, Новоселов ЖББМ және Чернышев ЖББМ шатырдың ағаш элементтерін оттан қорғауға өңделді.