Әдістемелік кабинет

27 наурыз күні Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған 4 әдістемелік бірлестік отырысы өтті.

Практикалық бөлімде
«Эссе жазу жолдары» шебер сыныбымен Көктал ЖББМ Бабирова Даркеш Бегдилдаевна,
Сабақта жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану кочуинг тақырыбында Қазанбасы №2 Абдибекова Базаркуль Кадирбаевна тәжірибелерімен бөлісті, теориялық бөлімде ББ әдіскері Карымсакова Г.К. педагогтерді аттестаттау қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2024 жылдың 28 наурыз айында ауданның математика және физика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында И.Сьянов ат.Әулиекөл ЖББМ физика пәні мұғалімі Кидралин Н.К. «Физика сабақтарында оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін дамытудың шарты ретінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру және дамыту» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырды. Чернышевский ЖББМ физика пәні мұғалімі Скляр А.П. білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық барысы туралы айтып, өз жұмыс жүйесімен таныстырды. Сондай-ақ, Тимофеев ЖББМ физика пәні мұғалімі Тасқынбай Е.Т. және Н.Островский ат.Аманқарағай ЖББМ математика пәні мұғалімі Гарашова С.З. бітіруші сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындық барысында білімді жалпылау және жүйелеу сабақтарын өткізу әдістемесін көрсетіп, өз тәжірибелерін жалпылады. Жалпы әдістемелік бірлестік отырысының практикалық бөлімінде педагогтер жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды, қорытынды аттестаттау және білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторинг нәтижелері бойынша «меңгерілуі қиын» тақырыптарға арналған тапсырмаларды зерделеді.

2024 жылдың 26 наурызында ауданның география пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында білім бөлімінің әдіскері Умирбаева Д.К. білім алушыларды қорытынды аттестаттауға және білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық барысы туралы айтып, осы бағытта негізге алынатын нормативті құжаттарға тоқталды. №2 Аманқарағай ЖББМ мұғалімі Есмагамбетова Б.Е., Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ мұғалімі Велина П.Р., С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ мұғалімі Тотина А.А., Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ЖББМ мұғалімі Алимбаев Г.М. білім алушыларды ББЖМ-2024 дайындық барысы туралы айтып, өз жұмыс жүйелерімен таныстырды. Отырыстың практикалық бөлімінде педагогтер ББЖМ нәтижелері бойынша «меңгерілуі қиын» тақырыптарға тапсырмалар құрастырды.

2024 жылдың 26 наурызында аудандық тарих мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Әдіскер К. Е. Нұрахметова қатысушыларды педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстырды.

Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі. К. М. Жүсіпов сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын тудыратын, олардың танымдық белсенділігін арттыратын әдістер мен тәсілдерді көрсетті. Новоселов ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Е. С. Өтегенов тарих сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудағы тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ оқу процесінде жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдану туралы айтты.

2024 жылдың 29 ақпан күні Көктал жалпы білім беретін мектебінде «Ғылыми жоба және заманауи білім нәтижесіне қол жеткізу» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинар барысында панорамалық сабақтар көрсетілді. 10 сыныпта математика пәнінің мұғалімі Молдағазы А.Д., «GeoGebra- геометриялық конструктор», «Ауа және оның құрамы» (7 сынып) Бакиткереева Н.А., химия пәнінің мұғалімі, Таипова Г.А. физика пәнінің мұғалімі (кіріктірілген сабақ). «Табиғат құбылыстары» Таипова Н.П., орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Назырова З.Д. бастауыш сынып мұғалімі (4 сынып) (кіріктірілген сабақ). «Бердібек Соқпақбаев «Менің атым-Қожа», 5 сынып Игисинова А.Т., қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп психологы Таипова Г.А. тимбилдинг, «Дарынды және талантты балалар-мектеп айнасы» нетворкинг Тулебаева А.Д., Бабирова Д.Б. өткізді. Семинар соңында концерттік бағдарлама, рефлексия өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері семинарды қорытындылап, алғыс хаттар табыстады.

1 наурызда Тимофеев ЖББМ аудандық әдістемелік кабинеттің күні өтті. әдістемелік көмек көрсетілді.

Аудан мектептерінің тәжірибелі, білікті ұстаздар қазақ тілі, тарих, биология, ағылшын тілі пәндері бойынша сабақтарға қатысып, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар әкімшілік-басқару қызметкерлеріне іс-шаралар жоспарын әзірлеу, мектепішілік бақылауды сапалы жүзеге асыру, мектеп құжаттамаларын жүргізу бойынша кеңес берілді. Мектептегі психологиялық қызметінің жұмысы бойынша біршама

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, ҚОӘББ «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н. Островский ат. Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 2024 жылдың 5 наурыз күні жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне «ЖБМ сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында аудандық коучинг-сессия өтті.

Мақсаты: ЖБМ сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Коучинг-сессия қонағы Қостанай ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Абикеева Т.К., «Жаратылыстану пәндерінің сабактарында цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары туралы іс- тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, бағдарламаға сәйкес Б. Кенжетаев ат. Новонежинка жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Сушко М.В. «Проблемные обучения на уроках биологии с использованием цифровых ресурсов» Н. Островский ат. Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Расчетов Л.С. «Об использовании цифровых образовательных ресурсов и электронных ресурсов в образовательном процессе» тақырыптары бойынша шебер-класстар көрсетті.
Семинар рефлексиямен аяқталып, тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге білім бөлімінің атынан Алғыс хат берілді.

Әулиекөл РМК 2024 жоспар

28 ақпан күні Москалев ЖББМ базасында қазақ тілі мен әдебиетіі пәні мұғалімдеріне арналған педагогтерге арналған «Функционалды сауаттылықты дамытуда заманауи әдістерді қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті.

2024 жылдың 31 қаңтарында ауданның жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік оқыту өткізілді.

Семинар барысында Жумагалиева М.Ғ., Бейскенгалиева Ж.Б., Ахметшина Г.М. ашық сабақ көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында Гаюпова А.С. сыныптан тыс іс-шара көрсетіп, рефлексия жасалды. ББ әдіскері Қарымакова Г.К. семинарды қорытындылап, алғыс хаттар табыстады.

Отырыс барысында Әулиекөл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі К.Е. Нұрахметова жылдық жоспардың құрылымында міндетті түрде , оқу процесінің нақты жағдайын көрсететін, талдаудың болу маңыздылығын атап өтіп, мектептің жұмыс жоспарларын құрастыруда кездесетін қиындықтарды назар аударды. Сонымен қатар білім бөлімінің әдіскері Д.К. Умирбаева жоспарлауда негіз болатын аналитикалық талдау материалдары мен мониторинг жасауда назар аударылатын мәселелерге тоқталып өтті.
Отырыс соңында қатысушыларға ұсыныстар берілді.

2023 жылы 395 педагог, 14 Директор және директорлардың орынбасарлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 62 Педагог цифрландыру курстарынан, 29 педагог «Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы курстарынан өтті.

2023-2024 оқу жылында Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында «Арт-терапия құралдарын қолдану арқылы баланың эмоционалды және жеке тұлғасын дамыту»,.Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББМ базасында «Педагогтарының психологиялық сүйемелдеуінде арт-терапия әдістерін қолдану», Диевка ЖББМ базасында «Мектеп мұражайының жұмысы арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту», №2 Құсмұрын ЖББМ базасында «Білім берудегі Геймификация: ойынға үйрету және пайдалы ойын-сауық» және «Ақбота» бөбекжайы «МКҚК базасында «медиа сауаттылық»инновациялық жобалар жұмысын жалғастыруда.

С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ облыстық «Егер педагог болсам…» инновациялық жобасы аясында жұмысын жалғастыруда. Ағымдағы оқу жылының басынан бастап «Инженерлік академия» облыстық инновациялық жобасына Н. Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ енгізілді. Аудандық деңгейде инновациялық жобалар ретінде журналистика – №2 Құсмұрын ЖББМ, Диев ЖБМ- медицина, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ, экология – Бағаналы НОМ бағыттары бойынша кәсіптік сыныптар жұмыс істей бастады.

2023 жылға әдістемелік кабинетпен 35 семинар жоспарланған (2022 ж.-33,өткізілді -25, орындалуы – 75,8%), іс жүзінде 37 өткізілді, орындалуы-106%. Семинарларды өткізу сапасы артып, тәжірибе алмасу үшін воркшоп, коучинг, питчинг, консалтинг, TED –алаң сияқты интерактивті Нысандар қолданыла бастады. Сондай-ақ, әдістемелік кабинетпен 5 облыстық семинар өткізілгенін атап өту қажет: қазақ тілі, тарих, бастауыш сынып, математика, дене шынықтыру мұғалімдері үшін және дарынды балалармен жұмыс мәселелері бойынша облыстық вебинар.


2023 жылдың 20 желтоқсанында «Сабақтық зерттеу» әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі» тақырыбында аудандық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектебінің мұғалімдері Lesson Study тәсілін енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар Әулиекөл және Науырзым аудандары мектептерінің директорлар орынбасарлары мен мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Теориялық бөлімде әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Е.Нұрахметова, С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының директоры С.К.Максютова, директордың орынбасары А.Б.Дуртбаева өз баяндамаларында оқыту сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді түрі ретінде Lesson Study тәсілін қолданудың өзектілігін атап өтті. Семинардың практикалық бөлімінде С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының мұғалімдері Скопец Е.П., Кабденова Ж.М., Абильдинова Ж.И., Бекеева Г.А. мектептегі фокус-топтардың жұмысын ұйымдастыру барысын егжей-тегжейлі көрсетті, одан кейін семинарға қатысушыларға нақты практикалық тапсырмалар берілді. Қорытындылай келе, ШГ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қабденова Р.Т. қатысушылармен «Мектепте Lesson Study жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша директор орынбасарларының кәсіби қасиеттерін анықтау» атты шағын зерттеу жұмысын жүргізді.

2023 жылдың 20 желтоқсанында «Сабақтық зерттеу» әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімді түрі» тақырыбында аудандық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектебінің мұғалімдері Lesson Study тәсілін енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар Әулиекөл және Науырзым аудандары мектептерінің директорлар орынбасарлары мен мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Теориялық бөлімде әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Е.Нұрахметова, С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының директоры С.К.Максютова, директордың орынбасары А.Б.Дуртбаева өз баяндамаларында оқыту сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді түрі ретінде Lesson Study тәсілін қолданудың өзектілігін атап өтті. Семинардың практикалық бөлімінде С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының мұғалімдері Скопец Е.П., Кабденова Ж.М., Абильдинова Ж.И., Бекеева Г.А. мектептегі фокус-топтардың жұмысын ұйымдастыру барысын егжей-тегжейлі көрсетті, одан кейін семинарға қатысушыларға нақты практикалық тапсырмалар берілді. Қорытындылай келе, ШГ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қабденова Р.Т. қатысушылармен «Мектепте Lesson Study жұмысын ұйымдастыру және өткізу бойынша директор орынбасарларының кәсіби қасиеттерін анықтау» атты шағын зерттеу жұмысын жүргізді.

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, ҚОӘББ «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов ат. жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 2024 жылдың 18 қаңтар күні жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту жағдайында оқушылардың метақұзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Мақсаты: «Оқыту үрдісінде білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу». Семинар шағын концерттік бағдарламамен басталды. Қатысушы мұғалімдерге мектеп психологы Марат Ж.А. «Психологиялық ахуал» тренингін өткізген соң, семинардың практикалық бөлімі басталды. ҚОӘББ «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов ат. жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәні мұғалімі Оразбекова К.Қ. және химия пәні мұғалімі Баймолдина Ж.Б. «Қанның құрамы мен қызметі», физика пәні мұғалімі Шоханова З.С. және география пәні мұғалімі Нурахметов Р.Н. «Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы» тақырыбында кіріктірілген сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, химия пәні мұғалімі Жумагалиев А.А. «Химия сабақтарында білім беру процесінде метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру», география пәні мұғалімі Милақатов Н.Б. «Цифрлық ресурстарды сабақта қолдану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыптары бойынша шебер-кластар көрсетті.
Семинар рефлексиямен аяқталып, өз тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге білім бөлімінің атынан алғыс хаттар берілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған
№3 аудандық ӘБО

Күні: 2024 жылғы 5 қаңтар
Қатықандар:26
Өткізілу түрі : күндізгі
Күн тәртібінде:
Пленарлық бөлімде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығын түсіндіру АББ әдіскері Карымсакова Г.К.;
Практикалық бөлім:
«Өзіндік және өзара бағалау» оқыту тренингі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үшқарасу НОМ Каргулоа Ботакөз Сакеновна;
«БЖБ тапсырмаларын құру» Сұлукөл ЖББМ Алпыспаева Қарашаш Сайдаловна;
Ұсыныстар мен басқада сұрақтар.
Тыңдалды:
Бірінші сұрақ бойынша «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері, АӘБ отырысының жетекшісі әдіскер Қарымсакова Г.К. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығындағы толықтырулармен таныстырды. Аралық аттестаттау бойынша ұсыныстар беріп, 5/10 сынып оқушыларына арналған тапсырмаларды құрастыру жолдарын, бағалау тәртібін түсіндіріп кетті.
Практикалық бөлім: Үшқарасу НОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Каргулоа Ботакөз Сакеновна күнделікті сабақта ФБ мен өзіндік және өзара бағалау жайлы теориялық білім мен практикалық бөлімінде шеберлік класпен бөлісті. Ал, Сұлукөл ЖББМ Алпыспаева Қарашаш Сайдаловна, БЖБ тапсырмаларын құру бойынша теориялық тоқталып, 3 тоқсанға арналған Т1 мен Т2 ге арналған БЖБ жұмыстарын мұғалімдермен бірге құрастырды.

20 декабря 2023 года состоялось заседание районного учебно-методического совета на тему «Исследование урока» как эффективная форма организации методической работы».

Опытом работы по внедрению подхода Lesson Study делились педагоги Аулиекольской ШГ им.Султана Баймагамбетова. Семинар проводился с участием заместителей директоров и педагогов школ Аулиекольского и Наурзумского районов. В теоретической части в своих выступлениях заведующая методическим кабинетом Нурахметова К.Е , директор Аулиекольской ШГ им.С.Баймагамбетова Максютова С.К., заместитель директора Дуртбаева А.Б. отмечали актуальность применения похода Lesson Study как эффективной формы оказания методической помощи учителям в повышении качества преподавания. В практической части семинара педагоги Аулиекольской ШГ им.С.Баймагамбетова Скопец Е. П., Кабденова Ж.М., Абильдинова Ж. И., Бекеева Г.А. показали подробно процесс организации работы фокус-групп в школе, после чего участникам семинара были даны конкретные практические задания. В завершение заместитель директора по учебной работе Кабденова Р.Т. провела мини-исследование «Определение профессиональных качеств заместителей директора для организации и проведения Lesson Study в школе».

2024 жылдың 5 қаңтар айында «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Балалар өнер мектебі» КММ базасында музыка және қосымша білім беру педагогтеріне арналған №3 аудандық әдістемелік отырысы өтті.

Секция модераторы- «Әулиекөл ауданы білім бөлімі» ММ әдіскері Бижанова Д.С. Практикалық бөлімде «Диев ЖББМ» КММ музыка пәнінің мұғалімі Шинкентаева А.М.; «Әулиекөл балалар өнер мектебі» КММ қосымша білім беру педагогі Абишева Д.У.; «Әулиекөл балалар өнер мектебі» КММ қосымша білім беру педагогі Прошкина Н.В. өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер класпен бөлісті.

05.01.2024 жылы

И. Сьянов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында директорлардың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік бірлестігі өтті.

№2 Аманқарағай ЖББМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Ш. Абильжанованың «Жасөспірімдер арасында діни экстремизмнің алдын алу», С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Ю. Белошистованың «Патриотическое воспитание как систематическая и целенаправленная деятельность школы по формированию у учащихся гражданского сознания» баяндамалары тыңдалды.
#біртұтас_тәрбие

2023 жылдың 28 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес Әулиекөл ауданының білім бөлімінің И. Сьянов ат. Әулиекөл ЖББМ базасында ауданның бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып білім алушыларының білім нәтижелерінің сапасын көтеру негіздері» тақырыбында іскерлік ойын фрматында семинар өткізілді.

Іскерлік ойын барысында И. Сьянов ат. Әулиекөл ЖББМ педагогтері Назарова Майра Сағымбайқызы, Петрова Елена Николаевна, Кланова ЖанарТлемысқызы, Баттал Динара Ануарқызы, Уаисова Акыл Аужанқызы, Дикуха Лилия Дмитриевна, Аяппергенова Кенжегүл ЗекенқызыТемірхан Айгүл Сергейқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.

29 қарашада И.Сьянов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруыме қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «БРЕНД-ҰСТАЗ» аудандық семинар практикумы өтті.

Мақсаты: 20-30 жылдық еңбек өтілі бар педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберліктерін арттыру. Заманауй платформалармен жұмыс жасауды үйрету. Практикум барысында Диев ЖББМ педагог-сарапшы, Акауов Токтар Куанышбаевич «Геймификация – сабақты ойын арқылы өткізу», Үшқарасу ЖББМ педагог –модераторы, информатика пәні мұғалімі Каргулова Айжан Жумагалиевна «Білім беру процесінде Learning apps сервисін пайдалану» пен Диев ЖББМ педагог-модератор Жақсылық Надира Досжанқызы “Презентацияны креативті жасау жолдары” тақырыптарында тәжірибе бөлісіп, оқыту жүргізді.Семинар соңында кері байланыс жүргізіліп, педагогтер жылы лебіздерін білдірді.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 29 қарашасында география мұғалімдері арасында олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың өткізу мақсаты педагогтердің оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысты арттыру. Олимпиадаға 17 аудан мектептерінен 19 мұғалім қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ грамоталарымен марапатталады.

2023 жылдың 17 қарашасында «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н. Островский ат. Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ базасындағы инклюзивті қолдау кабинетінде логопедтерге және дефектологтарға арналған «Логопедияның өзекті мәселелері.

 Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету және дамыту жұмысындағы заманауи тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар-практикум барысында Н. Островский ат. Аманқарағай ЖББМ логопеді Токбаева Г.М., «Айгөлек» бөбекжайының логопеді                         Молдашева А.К., Әулиекөл БМ логопеді Тилеубай А.А., №2 Құшмұрын ЖББМ логопеді Сейдахметова С.К. өз тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар әдістемелік-дидактикалық  әзірлемелерін ұсынды.

2023 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Ш.Шаяхметов ат.Сұлукөл ЖББМ базасында ауданның география, математика, физика пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалды сауаттылығы – сапалы білім берудің маңызды шарты» тақырыбында практикалық семинар өткізілді.

Семинар барысында Ш.Шаяхметов ат.Сұлукөл ЖББМ педагогтері Максимович Н.М., Жангабылов К.Б., Кусаинова Ж.К., Шопанова Л.К., Есебаева Б.С., Жумагалиев А.А. өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектептің педагог-психологі Стригина С.А. қатысушылармен кәсіби шаршаудың алдын алу тренингін өткізді. Семинар соңында ұсыныстар беріліп, қатысушыларға білім бөлімінің алғыс хаттары берілді.



 

2023 жылдың 03 қарашасында ауданның география пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.


Отырыс барысында «Әулиекөл ауданы білім бөлімі» ММ әдіскері Динара Коныршаевна география пәні бойынша 2023-2024 оқу жылының 1 тоқсан қорытындысына тоқталып, талдау жүргізді. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген география пәні бойынша ұлттық олимпиадасының қорытындысына тоқталды. Практикалық бөлімде «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н.Островский ат. Аманқарағай ЖББМ» география мұғалімі Полина Родионовна және «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Б.Кенжетаев ат. Новонежин ЖББМ» география мұғалімі Ғабит Мирамұлы дарынды балаларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталып өтті. Педагогтар білім алушыларды олимпиадаларға дайындауда қолдануға ұсынылған оқулықтармен таныстырды. Отырыс соңында география пәні мұғалімдері қауымдастығының жетекшілері Таңшолпан Арғынбайқызы және Полина Родионовна отырысқа қатысушылармен QUIZ интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын барысында мұғалімдердің пәндік білімдерін шыңдап, белсенділігін арттыра білді.

 

03.11.2023

Биология және химия пәні мұғалімдерінің ӘБО

 

3 қараша күні И.Сьянов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында биология және химия пәні мұғалімдерінің аудандық «Жаңа формация мұғалімі оқу үдерісінің жетекші ұйымдастырушысы» тақырыбында аудандық әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Отырыс барысында Есенгалиева А.Т. «Сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін қолдану», Алматова Э.С., Есенбаева С.Ж. «Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушасын салыстыру», Мукушова З.Х. «Педагог новой формации, как ведущий организатор учебного процесса», Мажара Е.Г. «Решение олимпиадных задач для учителей биологии» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсетті, Самсонович Н.А. «Lesson study как эффективный способ усовершенствования практики урока» баяндама оқыды.

 

03.11.2023

Директорлардың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік бірлестігі

03.11.2023 жылы С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ базасында «Мектептегі тәрбие жұмысы: қазіргі заманның тәжірибесі мен мәселелері» атты директорлардың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық әдістемелік бірлестігі өтті. №1 Қазанбасы ЖББМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Е.Брахметовтың «Ұлттық құндылықтардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы», Бағаналы НОМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Д.Б. Мирманованың «Экологиялық іс-шараларды, митингілерді және басқа да шараларды ұйымдастыру арқылы еңбек тәрбиесін қалыптастыру» баяндамалары тыңдалды.
#біртұтас_тәрбие

 

03.11.2023

Педагог-психологтеріның аудандық әдістемелік бірлестік отырысы

Бүгін, 3 қараша күні «Аманқарағай №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Әулиекөл ауданы білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріның аудандық әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар: «Аутодеструктивті мінез-құлық бойынша тоқсан сайынғы сауалнама барысында анықталған ерекше назар аударатын балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөліскен педагог-психолог Доспаева Б.С.
«Организация работы по мониторингу психо-эмоционального состояния обучающихся школы» тақырыбында ұйымдастырылған жұмыспен бөліскен педагог-психолог Целуйко Г.В.
Әдістемелік отырыстың практикалық бөлімінде «Психологтың ынтымақтастығы, бала мен ата-ана қарым-қатынасына жағдай жасау» тиімді әдіснамасымен бөліскен педагог-психолог Таипова Г.А. Диалог алаңында педагог-психологтар өз ойларымен бөлісіп, жас мамандарға пайдалы кеңестер беріп, жақсы көңіл-күймен аяқтады.

 

02.11.2023

2 қараша күні ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған 2 әдістемелік бірлестігі өтті.

Күн тәртібінде:
«Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері, АӘБ отырысының жетекшісі әдіскер Қарымсакова Г.К. «Сабақты жоспарлау моделі – ASSYRE» педагогикалық дизайн моделімен таныстырды. Оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыруда осы тәсіл арқылы сабақ беру әдістеме арқылы жақсартуға болатындығы туралы түсіндірді. Практикалық бөлімде Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Болжабаева Ж.Б. ҚМЖ құрастыруда үш РРР әдісінің тиімділі жайлы теориялық білім мен практикалық бөлімінде шеберлік сыныптарымен бөлісті.
Отырыс соңында ұсыстар беріліп,өзгеде сұрақтар талқыланды

01.11.2023

1 қараша күні Балалар өнер мектебінің базасында музыка пәні мұғалімдеріне арналған аудандық әдістемелік бірлестігі өтті.

1 қараша күні Балалар өнер мектебінің базасында музыка пәні мұғалімдеріне арналған аудандық әдістемелік бірлестігі өтті.

Отырыс барысында, қазақ халык аспатар бөлімінің ұстазы Кәкімов Арман Жұматұлы «Қазағымның қазынасы -Домбыра» тақырыбында шеберлік сағат,

√2 Құсмырын жалпы мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Суворова Ирина Николаевна «Творческая деятельность на уроках музыки,как средство развития духовно – нравственной сферы учащихся с помощью внедрения новых образовательных стандартов 2021-2024 г.г.»

√1 Қазанбасы ЖББМ музыка пәнінің мұғалімі Ибраева Салтанат Башпаевна «Музыка сабағында оқушылардын шығармашылық әлеуетін дамыту және қалыптастыру үшін жағдай жасау» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.

Ахмет оқулары-2023 аудандық байқауының қорытындысы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ жылдық жоспарына сай ағымдағы жылдың 10 қазанында Ахмет оқулары-2023 аудандық байқауы өтті. Аудандық байқауға 18 мектептен С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ, №2, №1 Қазанбасы ЖББМ, Чернигов ЖББМ, Чернышевский ЖББМ, №2 Құсмұрын ЖББМ, Тимофеев ЖББМ, Көктал ЖББМ, №2Аманқарағай ЖББМ, Федосеев НОМ, Диев ЖББМ, Новоселов ЖББМ, Новонежин ЖББМ, Соснов НОМ, Федосеев ЖББМ, Сұлукөл ЖББМ мен Ш.Уәлиханов ат.ЖББМ өтінім берілді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде: Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББМ 9 сынып оқушысы Серикбаева Аяжан;
1 орын: Москалев ЖББМ 10 сынып оқушысы Ибрагим Айым;
2 орын: Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ 7 сынып оқушысы Ықылас Назым;
3 орын: Аққұдық НОМ 7 сынып оқушысы Ханалиева Маржона,Новонежин ЖББМ 11 сынып оқушысы ие болды. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар, жүлделі орын алған оқушылар ББ мадақтамаларымен марапатталды.

20.10.2023

На базе КГУ «Аулиекольякая школа-гимназия им. С. Баймагамбетова отдело образования Аулиекольского района».прошел областной семинар практикум среди учителей физической культуры, на тему «Использование инновационных подходов на уроках физической культуры»

Особенности нового учебного года

 

Жас педагогтарға арналған Сабақ жоспарлаудың ерекшеліктері облыстық оқыту консалтингі

Әдістемелік кабинет

2023 жылдың 26 ​​қазанында «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапасы: тәжірибе, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында аудандық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа мектеп директорларының оқу -ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.Отырысқа қатысушылар критериалды бағалау жүйесін тәжірибеге енгізудің тиімділігі мәселелерін талқылады.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұрахметова Қ.Е. өз сөзінде аудандағы оқушыларды критериалды бағалауды қолдану бойынша тестілеу нәтижелеріне тоқталып, олар оқушылардың бағалау критерийлерін дескрипторлармен салыстыра алмау, өткен сабақ негізінде өзінің күшті және әлсіз жақтарын түсінбеу сияқты, өзін және сыныптастарын бағалау, кері байланыс жасау бойынша қиындықтардың әлі де бар екенін көрсетгендігі туралы айтты. №2 Құсмұрын ЖББМ директорының орынбасары Олейникова Н.В. оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мектеп жұмысының жүйесімен таныстырды. №1 Құсмұрын ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Денисова А.А., Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таласбекова А.А., С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Скопец Е.П., Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ математика пәні мұғалімі Гарашова С.З. критериалды бағалау бойынша дағдыларды дамыту тәжірибесін көрсетті. Оң нәтижелермен қатар мұғалімдер заманауи бағалау жүйесі саласындағы проблемалар мен қиындықтарға да тоқталды. Талқылау нәтижесінде қатысушылар алдағы жұмыс бойынша ұсыныстар әзірледі.

ОӘК ЕРЕЖЕСІ

Әдістемелік ережелер жинақ
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ жұмыс үшін ережелер жинағын жолдайды.