Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 29 қарашасында география мұғалімдері арасында олимпиада өткізілді. Олимпиаданың өткізу мақсаты педагогтердің оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысты арттыру. Олимпиадаға 17 аудан мектептерінен 19 мұғалім қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ грамоталарымен марапатталады.