2024 жылдың 9-11 қазан аралығында  ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

2024 жылдың 9-11 қазан аралығында  ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың басты мақсаты еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Аудандық кезеңге Әулиекөл ауданының 22 мектебінен 197 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша облыстық кезеңге әр сынып және әр пән бойынша ең жоғары мүмкін ұпайдан 50 пайыздан кем емес ұпай жинаған 20 аспайтын оқушылар жіберіледі.