«Адал ұрпақ» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын және жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ұмтылатын жастар. Әрбір ерікті клуб мемлекет дамуының басым бағыттарын сақтай отырып, өз алдына адамгершілігі, жауапкершілігі жоғары, белсенді және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру сияқты мақсаттарды қояды.
Ерікті клубтар ай сайын «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел, «Адал және мызғымас еңбек бейнесі» сурет байқауы, «Мемлекеттік қызмет – елдің мұратына адал еңбек» эссе байқауы сияқты іс-шаралар өткізеді.
Білім беру ұйымдарында «Парасатты азамат» ақпараттық бұрыштары бар, онда әр адам елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою мақсатында жүргізіліп жатқан нормативтік-құқықтық актілермен, баптармен, бағдарламалармен таныса алады.