Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың мазмұнын және оны өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында «Тоғыз айға – тоғыз іс-шара» тұжырымдамасы іске асырылуда.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 7-8 сынып оқушылардың сыни және креативті ойлауын дамыту мақсатында 2024 жылдың 26 қаңтарында математикалық есептерді шешуге арналған «Қазақ есебі» челленджі өткізілді. Әулиекөл ауданы бойынша челленджге 19 мектептен 294 оқушы қатысты. Челлендж қорытындысы бойынша 142 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 31 оқушы І орын, 59 оқушы – ІІ орын, 52 оқушы – ІІІ орынды иеленді.