2024 жылдың 14-18 қаңтар аралығында Астана қаласында ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша респуликалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізіледі.

Республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттың 6 пәні бойынша бекітілген бағдарлама бойынша өткізіледі. Олимпиадаға Әулиекөл ауданынан 4 оқушы қатысады: Бекбаева Адема – «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы; Жәли Гүлмерей – «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Федосеев негізгі орта мектебі» КММ 9 сынып оқушысы; Сагиндыкова Арайлым – «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ 9 сынып оқушысы; Молдахмет Санжар – «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы. Олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!